Президент сайлауы. Ел аумағында 10 мыңнан астам учаске іске қосылады

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров шетелдік дипломатиялық корпусқа арналған бірлескен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.  Орталық сайлау комиссиясы заңға сәйкес өз жұмысын жүргізеді, ашықтық пен бұқаралық диалог қағидатымен әрекет етеді. Қолданыстағы заңнаманың нормаларын сақтау мен заңды құқықтық тұрғыдан дұрыс пайдалану әрқашан біздің қызметімізге негіз екендігін атап өткім келеді. Республикалық референдум қорытындысы бойынша еліміздің азаматтары жалпы саяси және электоралдық көріністің сапалы өзгертуге алып келетін ел Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қолдады, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.  Сонымен қатар ол ел аумағындағы сайлау учаскелеріне тоқталып өтті.  Ел аумағы бойынша барлығы 10 101 учаске іске қосылады, сайлаушылар тізіміне 11 950 485 азамат қосылған. 4 қарашадан бастап азаматтарға өздерін тізімнен тексеру мүмкіндігі ұсынылды. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанынан 68 сайлау учаскесі құрылды. Орталық сайлау комиссиясы мүгедектігі бар тұлғалардың дауыс беруі үшін қажетті жағдай жасауға ерекше назар аударып отыр. Бұл мәселені ОСК отырыстарының бірінде талқылап, орындарда инватаксимен, сурдоаудармамен, тактилді жолдар және Брайль трафаретімен қамтамасыз ету бойынша комиссияларға тапсырмалар берілді, - деді Нұрлан Әбдіров.  Белгілі болғандай, Венгрия, Индонезия, Канада, Палестина, АҚШ, Финляндия, Франция, Швеция, Эстония, сондай-ақ Армения, Беларусь, Германии, Ирак, Иран, Қытай, Қырғызстан, Нидерланды, Ресей Федерациясы мен Тайланд елшіліктерінің қызметкерлері аккредиттелген.  

Читать источник turkistan.tv
Қазақстан біріншілігі финалына шыққан барлық боксшы анықталды
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды