Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Бүгін Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевты қолдауға арналған ерекше іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Әуесбаевтың әуестігі Сайлауалды науқан аясында ЖСДП белсенділері «Әуесбаев үшін марафон» атты флеш-мобқа жиналды.  Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың жақтастары «Астана Триатлон» саябағында 10 шақырымға жүгіру акциясын ұйымдастырды. Осылайша олар Нұрлан Әуесбаевты қолдайтындарын білдіргісі келген. Сонымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінде партия филиалдарының басшылары үміткерімізді қолдау мақсатында түрлі іс-шараларды өткізіп жатыр, – деп атап өтті Әуесбаевтың ресми өкілі Мақсұт Нәсибулов.   Ұлытаудағы кездесу Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Ұлытау облысында жалғасты. Жезқазған қалалық Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде өңір жұртшылығымен кездесу өтіп, оған 500-ге жуық адам қатысты. Ұлытаулықтармен әңгімелесу кезінде РҚШ мүшелері кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген өңірлерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұдан кейін, Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері «ULYTAU NAN» ЖШС нан зауытында болды.   Жигули Дайрабаев: Жастар үшін 35 жас тым көп Бүгін Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев Қызылорда қаласының сайлаушыларымен кездесті. Жиынға түрлі сала мамандары қатысты. Олардың ішінде мектеп мұғалімдері, фермерлер, қала жастары бар. Сайлаушылар көкейдегі сұрақтарына жауап ала алды. Кездесу барысында сөз сөйлеген кандидат жастардың санын 29-дан 35-жасқа дейін ұзарту мәселесіне қатысты ойын айтты. Менің пікірімше, жастар 25 жасқа дейін қоғамға бейімделіп, толыққанды қалыптасу керек. Сол себепті еліміздегі жастар санын 29-дан 35-жасқа дейін ұзарту мәселесін жан-жақты қарастырып қана бір шешімге келу керек,-деді Жигули Дайрабаев.  

Читать источник turkistan.tv
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Семейде шырша безендіруге барған мұғалім биіктен құлап, қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті
Qazaq Air вьетнамдық инвесторға сатылады. Министр мән-жайды түсіндірді
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
Сапасыз қызмет үшін шағым жасады
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Шырша безендіру: Семейде биіктен құлаған мұғалімге ота жасалды