Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына небәрі 11 күн қалды. Түркістан облысының тұрғындары өзінің тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесін анықтау үшін Түркістан облысы әкімдігінің tur.saylaw.kz сайтына кіріп, жеке куәліктегі ЖСН теру қажет. Сондай-ақ, сайлау учаскесі туралы қажетті ақпаратты Telegram мессенджеріндегі арнайы бот арқылы да біле алады. Айта кетейік, қосымша сұрақтар болған жағдайда 109 Call-орталығына хабарласуға болады. 109 Call-орталығы 24/7 режимінде жұмыс істейді. Сонымен, түркістандықтардың саяси науқанға қатысуға деген ынтасы, ойы қандай? Тілшіміздің сауалнамасынан бірге білейік.