Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын комиссия құрылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылып, қаулы қабылданды. Президенттікке кандидаттың қазақ тілін еркін меңгергенін анықтау – 5 маманнан құралған лингвистикалық комиссияның қорытындысымен шешіледі. Комиссия құрамында тіл мамандары, филологтар мен зиялы қауым өкілдері бар. Үміткердің мемлекеттік тілді меңгергенін анықтау үшін арнайы тапсырмалар беріледі.