Шымкентте пробация қызметінде есепте тұрған сотталған азаматтарды жұмыспен қамту басты назарда! Шаһарда бұл азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіліп отырады. Бұл жолы Әл – Фараби аудандық прокуратурасы бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Қаладағы ірі кәсіпорын иелері істі болған азаматтарды жұмысқа қабылдауға дайын екенін жеткізді. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне келген бұл азамат шартты түрде сотталғанын айтады. […]