Сайрам ауданының білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық білім мекемелерінде ағымдағы жылдың 11-15 қараша аралығын қамтитын психологиялық қызметтің апталығы басталды. Онкүндік психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін арттыру, жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің, аутоагрессияның алдын алу мақсатына бағытталған. Апталықтың бірінші күні «Жарқын болашақ» тақырыбында «Болашақ бүгіннен басталады!» ұранымен бастау алды. […]