Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттардың заңсыз айналымы дерегінің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының Наурызбай ауданында полиция қызметкерлері Jetour автокөлігін тоқтатты. Кейінге қалдыруға болмайтын тінту барысында алдыңғы жолаушы орындығының төсенішінің астынан қара түсті барсетка табылды. Оның ішінен изолентамен оралған, ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар орама тәркіленді. […]