Психотроптық заттарды ірі көлемде мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті тергеп-тексеруде. Қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Жетісу» кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 […]