2024 жылғы 17 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті. Тінту барысында шамамен 35 кг синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар және зертханалық жабдық алынды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау […]