Жетісайлық шаруалардың тер төгіп еткен еңбегі желге ұшқалы тұр. Себебі егіс алқабындағы қырыққабат өсіп, жинауға дайын болғанмен, сатып алушы жоқ дейді диқандар. Сөздерінше биыл нарық бағасы жылдағыдан әлдеқайда төмен. Салдарынан олар өнімді экспортқа шығармақ түгілі, жұмысқа жұмсаған шығынды да ақтай алмай қалатын болдық деп алаңдаулы. Мәселен, жергілікті тұрғын Марат Бұхарбаев егістікке 12 млн. теңге жұмсаған. […]