Түркістан облысында референдум күні 132 бала дүниеге келді. Оның ішінде 70 ер бала, 62 қыз бала және бір егіз бар. Осылайша республика бойынша жоғары көрсеткішке ие болды. Жалпы өңірде биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 30 мыңнан астам сәби дүние есігін ашқан. Олардың 345-і егіз, 7-і үшем.