«Айка» фильмінің режиссері Түркістан туралы әлемдік деңгейдегі фильм түсірмек. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының ресейлік белгілі режиссер Сергей Дворцевоймен кездесуі кезінде белгілі болды. Айта кетсек, кино майталманы Шымкент қаласының тумасы. Режиссер шынайы оқиғаларға негізделген шытырман драма жанрындағы тарихи кинотуындыға шетел әртістері мен Қазақстанның кино жұлдыздарын қатыстырмақ. Облыс әкімдігінің мәліметінше, фильм сценариі әзірге құпия. […]