Атырау облысының Ресеймен шектесетін Құрманғазы ауданында екі елді мекен пайда болады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа елді мекендерді құруға 1,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Мердігерлер инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысын аяқтады. 13,1 шақырым елді мекен ішілік жол, 41,4 километр электр жарығы, 27,4 шақырым ауыз су құбыры және 21,4 шақырым газ құбыры тартылды. Учаскелер пайдалануға […]