«Бал Текстиль» ЖШС-і директоры, қалалық мәслихаттың депутаты, Талғат Ысқақов: Бүгінде еліміздегі мыңдаған адамдарға жұмыс беріп, нәпақасын айыруға қызмет етіп отырған серіктестік осы жақсы күндерін Отанымыздың қолдау көрсетуімен байланыстырады. Атап айтсақ, «Бал Текстиль» фабрикасының Қазақстан бойынша 400-ден астам серіктесі бар. Олар да ірі кәсіпкерлер. Мегаполиске жасаған іс-сапарында серіктес компания өкілдері фабрика жұмысымен, жаңа кілем топтамаларымен танысты. […]