Сайлау күні елімізде 824 сәби жарық дүние есігін ашты. Саяси науқанда өмірге келгендердің 406-сы кестетігерлер болса, 418-і атұстарлар. Оның ішінде 6 егіз бар. Еліміздің болашағы айқындалар күні өмірге келгендер жайлы тілші репортажы. Президент сайлауы күні елордамыз Астанада 68, Алматыда 60, ал Шымкентте 65 нәресте дүние есігін ашты. Ұлытау мен Павлодар облысында дүниеге келгендер саны 15-ке, Ақмола облысында 16-ға жуықтайды. Ең аз көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында. Мұндағы сәбилер саны — 8. Ал Түркістан облысында саяси науқан қызған шақты 140 нәресте өмірге келді. Мәселен, Түркістан облысының орталығында орналасқан нөмірі 3 облыстық перинаталдық орталықта сайлау күні 20 сәби жарық дүние есігін ашты. Сайлау күні шөберелі болған түркістандық Мафтуна Абдуллаева перзентінің есімін «Сайлаугүл» қоямын деп отыр. Сондай-ақ Атырауда сайлау күні дүниеге келген екі нәрестеге Сайлаубек және Сайлаугүл есімдері берілген. Бір қызығы, екі сәби де үйлерінің 4-ші перзенттері. Ал Қызылорда облысында Қасым-Жомарт есімді сәби дүние есігін ашты.