Шымкенттегі олимпиадаға қатысқан оқушылар оқу орнында таратылған астан улануы мүмкін. Бұл туралы бүгін санитариялық эпидемиялогиялық қадағалау департаментінің мамандары мәлімдеді. Айтуларынша, балалар тамақтанған ыдыстардан лабараториялық тексерулер нәтижесінде зиянды бактериялар анықталған. Шымкент санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Райымқұлұлы «Зерделеу барысында зертханалық зерттеулерге тағам үлгілері, су сынамасы, сүртінді, асхана қызметкерлерінен бактериятасымалдаушылыққа бактериологиялық ыдыс аяқтан, тарелкадан, үстелдің үстінен, […]