Өздеріңізге белгілі, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылдың 5 маусымында Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша бүкілхалықтық Референдум өткізуді белгіледі. Бұл Референдум – халық билігінің айқын үлгісі, әрбір қазақстандықтың өз азаматтық ұстанымын білдіру арқылы Жаңа Қазақстанды құруға тікелей үлес қосуының жарқын көрінісі. Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші Республика құру идеясының Референдум өткізуден […]