Операция бөлмесінде ең ауыр оталардың бірі жасалып жатыр. Ерекшелігі, емдеу шарасын ақ халаттылардың орнына кәдімгі робот жүргізуде. Ал үстел үстінде жатқан науқастың паркинсонмен ауырғанына он жылдан астам уақыт болған. Дәрі-дәрмекке бағынбаған дертіне ем таппаған тұрғынның миына, дәрігерлер жасанды интелекті бар робот арқылы ота жасауда. Мұндай ота Түркістан облысында алғаш рет қолға алынды. Дәрігерлер науқастың миына […]