Шымкентте «Рухани жауһарлар» республикалық дәстүрлі ән және терме байқауының жеңімпаздары анықталды. Жүлдегерлерді шараға арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары марапаттады. Дүбірлі додада Молдамұсаның «Түзу терек» термесін орындаған Руслан Ахинбеков «Гран при» иегері атанып, 1 млн. теңгені қанжығасына байлады. Руслан Ахинбеков, «Гран при» иегері: «Мен терме жанры бойынша сайысқа қатыстым. Оңтүстік өңірдің мақамында өнер көрсеттім. Өте қуаныштымын, […]