Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарарлық сотында Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Ш. ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігімен (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi оқу, тәрбиелеу мекемесінiң жұмыскерiнiң, кәмелетке толмаған адамға қатыгездік таныту) айыпталған. Сотталушы Ш. 2024 жылғы 3 қыркүйекте Шымкент қаласы, Қайтпас-1 шағын ауданында орналасқан бөбекжай балабақшасындағы тәрбиеші ретінде жұмысын жасап жүріп, тобындағы […]