Мемлекеттік кірістер комитеті банкроттыққа құжат тапсыратын азаматтарды абай болуға шақырды. Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында ақылы қызмет ұсынатын делдалдар көбейіп кетті. 3 наурызда республика бойынша банкроттыққа өтініш қабылдау басталды. Бүгін таңғы сағат 9:00-ға дейін соттан тыс банкроттыққа 11 177 өтініш түскен. Атап айтқанда, eGov арқылы 10 462 адам жүгінсе, e-Salyq Azamat қосымша арқылы 715 өтінім […]