Түркістан облысына қарасты 8 ауылға «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келеді. Атап айтқанда Күншағыр, Ақшоқат, Қарақоңыр, Шағыр, Бадам, Игілік, Қызылсай, Ынтымақ елдімекендеріне тоқтайды. Алматы 2 станциясынан шыққан пойыз желтоқстан айына дейін еліміздің 120-дан астам ауыл-қаласына барады. Медициналық бригадалар диагностикалық процедура ғана емес, сондай-ақ шағын амбулаториялық операциялар жасай алады. Онда тұрғындар терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, […]