Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы талдау барысында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісін анықтады. Қадағалау актісі бойынша салық органының кәсіпкерлік субъектісінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жойды. Салық органының қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабымен (Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған қысқартылған тәртіппен 184 600 теңге айыппұл салынды. Инкассалық өкімнің […]