Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті республикалық «Табысты бухгалтерлер клубымен» бірігіп салық міндеттемелері жайлы конференция өткізді. Шара барасында кәсіпкерлер мен есепшілер өз сұрақтарына жауап алды. Шымкент қаласындағы кәсіпкерлер мен есепшілерге арналған конференцияға сала мамандары, бизнес-қауымдастығының сарапшылары қатысты. Кездесуде салықтық есеп, тексерулер, тәуекелді басқару жүйесі, камералдық бақылау және биыл өзектілігі басым жалпыға бірдей декларациялау мәселері талқыланды. […]