Ел аумағында шағын мұнай өңдеу зауыттарына қатысты салықтық және кедендік жеңілдіктер алынып тасталуы мүмкін. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Мұнай өңдеу саласын реформалау жөніндегі ұсыныстар қаралған жиында энергетика министрі Болат Ақшолақов шағын мұнай өңдеу зауыттары шығаратын өнімнің сапасын арттыру үшін оларға техникалық реттеу талаптарын күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ, […]