Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының таза инвестициялық табысы жыл басынан бері 204,4 млрд. теңгеден асты, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. 2023 жылдың 1 наурызындағы мәлімет бойынша салымшылардың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысын қамтитын зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 15,13 трлн теңге болды. 2014 жылдан (барлық зейнетақы активін БЖЗҚ-ға біріктіру үрдісі аяқталған) бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен […]