Лицензиясынан айырылған 9 банктің салымшыларына ақшасы қайтарылды. Бұл мәліметті Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлап отыр. Еске сала кетсек, елімізде «Tengri», «Астана», «Эксимбанк», «AsiaCredit» секілді банктер жабылған болатын. «Capital Bank Kazakhstan» салымшыларына бір жылдың ішінде 1 млрд. 600 млн. теңге төленді. Бұл жалпы кепілді соманың 92 пайызынан асады. Бір адамға ең көбі 15 млн. теңге […]