Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Қор ұжымына жаңа басшыны премьер-министр Әлихан Смайылов таныстырды. Үкімет басшысы қордың алдында инвестиция тарту, энергетикалық кешенді дамыту, республиканың инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриялық дамуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар қор отандық тауар өндірушілерге белсенді түрде қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасауға […]