Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында меншік нысанына қарамастан 1 752 медициналық ұйым, оның ішінде 123 стоматологиялық клиникалар мен кабинеттер бар. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі 2022 жылдың 1–ші қаңтарынан 30 сәуір аралығында өңірдегі 660 медициналық нысанды тексерді. Нәтижесінде, кейбір ауруханаларда ыстық судың болмауы, желдеткіштің орнатылмағандығы, медициналық қалдықтарды жинауға және сақтауға қойылатын талаптардың сақталмауы сынды бірқатар кемшіліктер […]