Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілістің күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Айнур Исабекова әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша сот қаулыларын орындау шеңберінде тәркіленген материалдарды жергілікті атқарушы органдарға берудің мәселелерін баяндады. Бұл ретте қала әкімі сала басшыларына бюджетке салмақ салмай, қолданыстағы қоймаларды тиімді пайдалануды тапсырды. Қала әкімінің […]