Тәртіп сақшылары Түркістан облысы Сарыағаш ауданында екі ер адамды анықтап, ұстады. Олар қожайынының қарауынсыз қалған жайылымдағы 30-дан астам қойды ұрлады деген күдікке ілінген. Ұрылар көлікпен келген. Тез арада ұрланған малдарды бірден 15-20 мың теңгеге сатып жібергені анықталды. Ұсталғандар облыстағы тағы бес мал ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінді. Сот оларды қамауға алуға санкция берді. […]