Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұстаздарымен және шәкірттерімен кездесіп, тыныс-тіршілігімен танысты. «Сарыағаш медресе-колледжінің» директоры Д.Сманов медресе-колледждің ерлер және қыздар бөлімінің тыныс-тіршілігі жайлы баяндап, оқу сыныптары мен шәкірттердің асханасын, жатақханасын таныстырды. Кездесу барысында болашақ дін мамандарының интеллектуалдық білімін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, шет елдерде діни теологиялық білім алудың қауіптілігі, діни тұрақтылықты қамтамасыз етудегі білікті дін мамандардың орны туралы мәселелер талқыланды. Сонымен бірге медресе басшысы атқарылған және жоспарланып отырған жұмыстар, студенттер мен оқытушыларға көрсетіліп отырған әлеуметтік көмектер, ағылшын тілі мен IT курстары туралы атап өтті.