Сарыағаш пен Қазығұрт ауданында малдан бруцеллез ауруы анықталды

Түркістан облысында малдан қауіпті ауру табылды. Қазығұрт ауданында төрт түліктің арасында бруцеллез шығып, екі ауылға ішінара шектеу шарасы енгізілді. Яғни бұл індет ошағынан малды және ет – сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынады. Сондай-ақ Сарыағаш ауданында да малдан ауру белгілері табылып отыр.  Бірер күн бұрын Қазығұрт ауданында белең алған бұл ауру Сарыағаштық түрт түлікті де айналып өтпеді. Бүгінде ауру анықталған 40-қа жуық ауру мал арнайы орында сойылып,әрі қарай қайта өңделетін арнайы кәсіпорындарға жіберіліпті. Ауру жұқтырып, төрт түлігінен айырылған мал иелеріне өтемақы беріледі.Биылдың өзінде облыста бруцеллез ауруын жұқтырған 700-ге жуық  малдың иелеріне 56 миллион төленген. Оның 30 пайызы мемлекеттен, ал қалған 70 пайызы ет өңделетін арнайы кәсіпорын тарапынан беріледі екен.  Еске сала кетсек, бұған дейін Қазығұрт ауданының 7 бас ірі қара,31 ұсақ малдан бруцеллез ауруы анықталған болатын.  Қазір онда бірнеше мал уақытша оқшауланған. Олар екі қайтара тексеріліп, ауру анықталмаған жағдайда жайылымға жіберіледі.   

Читать источник turkistan.tv
«Құны – 300 миллион теңге»: Дархан Жолшыбеков тұрып жатқан зәулім үйін тегін бермек
Астанада алғаш рет Абай шығармашылығына арналған моноопера сахналанды
«Тойды қарызға алып жасадым, келіншегіме мақтанғым келді»: танымал блогер шындығын айтты
«Оскарға» ұсынылған қазақстандық фильм халықаралық марапатқа ие болды
Алматы облысында мас тұрғын өзімен бірге ішімдік ішкен әйелін өртеді
Оқушы қыз бен анасын ұрып өлтірген экс-мұғалімнің ісі ашық сотта қаралады
Екібастұзда 9-сынып оқушысы жоғалы кетті
Шымкентте 15 адам газдан уланып қайтыс болған
Қарасай ауданының тұрғыны әйелінің жұмысына барып, оны балғамен ұрып-соққан (ВИДЕО)
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды
Оқушы қыз бен анасын ұрып өлтірген экс-мұғалім ісі ашық сотта қаралады
Cібір жарасы: Атыраудағы мал базарында жұмыс істейтін бір адам ауруханаға түсті
Президент Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады
ҚТЖ-дан дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Президент халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартатын заңға қол қойды
Үстеме ақы атымен жоқ: Оралдағы ақ халаттылар еңбек ақысының уақытылы төлебейтініне наразы
IT маманы үйінен шықпай-ақ миллиондаған доллар тұратын көлікті ұрлап кеткен
Білімді ұлт, сапалы білім беру: Алматыда студенттер мен жұмыс берушілер кездесті
Күндіз ұйықтау салмақ қосуға әсер ете ме? – зерттеу
Жер тарихта болмаған қарқынмен жылынып барады – ғалымдар дабыл қақты
Мемлекет басшысы тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заңға қол қойды
Шымкентте жаңа 2 индустриялық аймақ іске қосылды
Жасанды интеллектке шағымдану психологиялық жағдайды жақсартады – зерттеу
Телефоныңыздың тыңдалатынын тексерудің 4 жолы