Сарыағаштағы теміржол вокзалы жаңартылып, жолаушылар игілігіне берілді. Заманауи нысан тәулігіне 500 жолаушыға қызмет көрсетеді. Вокзалда жолаушыларға қажетті барлық жағдай жасалған. Жаңғырту жұмыстарына 918 миллион теңге жұмсалды. Түркістан облысы Сарыағаш қаласында теміржол вокзалы жаңартылып, ел игілігіне берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Ол теміржол вокзалының ашылуымен құттықтап, оның аймақ үшін маңыздылығына тоқталды. […]