Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жылға елді мекенінде кезекте тұрған 11 азаматқа жер телімдері табысталды. Алдағы уақытта жер телімдерінің құжаттары дайын болуына қарай 500-ге жуық азаматқа тұрғын үй салу үшін жер берілетін болады. Олардың барлығы да бірнеше жылдан бері жер кезегіне тұрғандар. Себебі аудан көлемінде 2012 жылдан осы күнге дейін ешбір елді мекенде жер телімдері берілмеген. [hellip;]