Бүгінде 63 жастағы Тұрсын Тасқожа жемістердің таңдаулы көшетін алдырып, тұқымын қолдан көбейтіп отыр. Жылыжайдың құнарлы топырағы ешбір қоспасыз табиғи дәрумендермен тыңайтылады. Бұрындары мұнда көкөніс егумен айналысқан ол , тәтті жемістердің өсімі жоғары әрі сәтті болатынына қазір көз жеткізіп отырмын дейді. Сондай-ақ ерекше күтімнің арқасында банан ағашы бір жылда тамыр байлап, 4 метрге дейін бойлап, әр […]