Сарыағашта перинаталды орталығы бар көпсалалы медкешеннің жобалық-смелық құжаттамасы әзірленуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бой көтеретін нысан республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Медициналық мекеменің ауданы 57 576 шаршы метр. Аурухананың жер телімі 10,5 гектарды құрайды. Онда перзентхана, көпсалалы аурухана, емхана және әкімшілік ғимарат орналасады. Сондай-ақ онда арнайы шақыртумен келген дәрігерлер үшін 50 орындық жатақхана салынады. Түркістан […]