Сарыағаш ауданында тағы да жантүршігерлік жағдай. Онда кәмелет жасына толмаған ер балаға көрші ауылдың тұрғыны зорлық-зомбылық көрсеткен. Бұл туралы құқық қорғаушыларға баланың анасы хабарлап, арызданған. Ал аудандық білім бөлімі жәбірленушінің оқушы екенін растап отыр. Бұл жағдайға байланысты Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі анықтау жұмыстарына бірден кірісті. Оқушы Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде оқитыны белгілі болды. […]