Жаңа оқу жылы басталса да Сарыағаш ауданы Көктерек кентіндегі №16 И.Панфилов мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары әлі бітпеген. Соған қарамастан оқушылар бұл білім ұясында оқуға мәжбүр. Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының әкімі жөндеу жұмыстарын созбалаңға салған мердігерге қатаң ескерту жасап, 25 тамызға дейін жұмысты аяқтау керектігін тапсырған болатын. Аталған мектептің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. […]