Түркістан облысында 23 және 26 сәуір аралығында ҚР Президент Іс басқарамасы Медициналық орталығының күндері өтеді. Медициналық орталықтың үздік мамандары аймақтың емдеу мекемелерінде шеберлік сабағын өткізіп, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операцияларды жасайды. Облыс әкімі орталық басшысы Алексей Цоймен кездесіп, өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша бірқатар мәселені талқылады. […]