Сарыағаш ауданындағы уақытша ұстау изоляторында жатқан ер адам қашып кетті. Полиция мәліметінше, ол Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша күдікке ілінген. Оқиға кеше, 11 маусымда болған. Қазір жан-жақты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Қашып кеткен күдіктіні іздеуге Түркістан облыстық Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Әзірге ер адам ұсталған жоқ. «Ұстап алу» жоспары іске асырылуда. Сарыағаш қаласы мен […]