Сарыағаштағы кәсіпорын жылына 5 мың жиһаз шығарады

Түркістан облысында шағын кәсіпкерлікке басымдық беріліп, қолдау күшейтіліп келеді. Сондай кәсіпорындардың бірі – Сарыағаш ауданында орналасқан. Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Қабланбек ауылдық округі, Cіргелі елді мекенінде орналасқан жеке кәсіпкер А.Утешевтің иелігіндегі  жиһаз  цехына  арнайы барып, кәсіпорынның бүгінгі таңдағы жұмыс барысымен танысып шықты.  – Ауданда кәсіпкерлік нысандарының саны күн санап артуы – бұл саланың қарқынды дамып келе жатқандығының айғағы. Бастаған ісіңізге сәттілік тілеймін, атқарып жатқан еңбегіңіздің берекесін берсін, – деген аудан басшысы кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.  Айта кетсек, аталған нысан 1000 шаршы метр аумақта орналасқан. Заманауи Италия және Ресей жабдықтармен жабдықталған. Мұнда жиһаз құрастырумен қатар, қажеттілігіне қарай тақташаларды кесіп беру қызметі де көрсетіледі. Нысан жылына 5000 дана жиһаз құрастырып шығаруға қауқарлы. Аталған нысанды жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен салып, бүгінгі таңда 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан бюджетіне 30 млн. теңгеден астам инвестиция тартылған.  Жеке кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін одан әрі ұлғайтуды жоспарлауда. Биыл 9 ай қорытындысына сәйкес аудан аумағында 18415 бірлік шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп тұр.  Осы аралықта аудан экономикасына 15,7 млрд. теңге инвестиция тартылды.  

Читать источник turkistan.tv
Ауғанстанда әйелдердің бір-бірімен сөйлесуіне тыйым салынды
Атырауда сауда орталығынан шыққан өрттің себебі белгілі болды
Атыраудағы өрт сөндірілді: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Қызылордада оқушыны кеудесінен ұрып өлтіріп алған бала сотталды
«Астана-Семей» бағытында қатынайтын вагондар жаңартылды
Саран қаласын үш аптадай жылусыз қалдырған: жауапты шенеуніктер сөгіспен ғана құтылды
Алматы көшелерінде "Есірткі сату жұмысын" парақ таратып жарнамалаған
Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқандар ұсталды
Каспий жағалауынан итбалықтардың өлексесі табылды
Қазақстан eGov жүйесін Моңғолияға экспорттайды
Каспий жағасында 150-ден астам итбалықтың өлексесі табылды
Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды
Алаяқтықтың алдын алу: жаңа жылдан бастап онлайн кредит алу қиындай түседі
Шерзат Полаттың өлімі: қылмыстық іс бес бап бойынша тіркелді
Павлодарда 55 млн теңгенің вейптері тәркіленді (ВИДЕО)
Интернет-казино белгісі бар ресурстар тізімі жаңартылды
Лицензиясы жоқ интернет-казино тізімі жарияланды
«Бір әнім хит болды деп, ұқсас 10 ән жазбайды»: Ерке Есмахан Райымды тағы мақтады
Қазақстанға қай елдерден жұмыс істеуге көп келеді
Олигархтардан қайтарылған ақша: мұқтаж отбасыларға арнап көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр
«Әр адам соңғы күндерін азапсыз өткізуге лайық»: Аймағамбетов паллиативтік көмек тарифін қайта қарауды ұсынды
Елордада домбырашылар байқауы өтті
Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Отбасылық құндылықтар – рухани байлықтың бастауы: Ақмола облысының тәжірибесі