Сарыағаш ауданындағы оқушылар төрт ауысыммен оқуға мәжбүр. Нұрлы жол ауылында мектеп жоқ болғандықтан, балалар қазір ескі жатақхана ғимаратында оқиды. Онда 700-ге жуық оқушы он кабинетте білім алуға мәжбүр болса, мұғалімдер дәліздің бір бұрышында отыратын көрінеді. Мұнда тіпті төрт ауысымға үлгеру үшін бір сабақ 35 минутқа дейін қысқартылған екен. Сарыағаш ауданы Нұрлы жол ауылындағы жалғыз мектеп […]