Сарыағаш ауданында жергілікті депутат Руслан Насировты бір топ ер адам соққыға жығып кеткен. Оқиға халық қалаулысының үйінің алдында, балаларының көзінше болған көрінеді. Депутат өзін ұрып-соққандардың кім екенін танимын деп отыр. Айтуынша, бұл депутаттық мандатымен тікелей байланысты. Себебі Руслан Насиров Құркелес ауылдық округінде жайлы мектеп пен стадион салу үшін бос жатқан жердің мемлекет балансына өтуі үшін […]