Түркістан облысында жылыжайда өсіретін қиярдың орнын қарбыз алмастырды. Өңірлік диқандар бақша дақылын алдымен тәжірибе ретінде өсіре бастаған. Мамандардың айтуынша қарбыздар жылыжайға бірден бейімделмепті. Тұқымдар бірінші сұрыпталып, оларға арнайы күтім мен топырақ таңдалып, сәуір айының соңында егілді. Үздіксіз тәжірибелер арқасында жаңа өнім алуға мүмкіндік туды. Әзірге қарбыздар өндіріске шықпады, алайда дихандар жұмыстарының жемісті боларына бек сенімді. […]