Түркістандық шаруалар наурыз айынан бастап қызанақты экспортқа шығармақ. Соның бірі Қапланбек ауылдық округі аумағындағының шаруа қожалығы. Қазір дихандар жылыжайдағы көкөністерді нарыққа шығаруға дайындап жатыр. Мұнда жылына 200 тонна қызанақ өндіреді. Көктемгі өнімдер Ресей еліне сатылымға жіберіледі. Айта кетейік Сарыағашта 683 гектар жылыжайларда қызанақ, қияр, болгар бұрышы, аскөк, баклажан, түсті қырыққабат, құлпынай және гүлдер өсіріледі.