Сайлауда сарыағаштық егіздер алғаш рет дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпара. Сарыағаш ауданы Көктерек кентінің тұрғындары егіз Бақытжан мен Бағлан Асановтар президент сайлауында алғаш рет өз дауыс берді. Көктерек кентінде орналасқан №672 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасаған қос азаматқа арнайы сыйлық табысталды. «Сайлауда дауыс беру - азаматтық борышымыз деп білемін. Сондықтан бұл шараға іштей дайындалдық.«Қалай болады екен» деп қобалжыдық. Бүгін алғаш рет сайлау учаскесіне келіп дауыс беріп, өз таңдауымызды жасап отырмыз»-дейді олар. Айта кетейік, Сарыағаш ауданы бойынша 79 сайлау учаскесі бар.