Бүбісара Тұрдықұлова – Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылындағы теміржол станциясында кілең ерлер арасындағы жалғыз жол жөндеуші әйел. Оның қолына ауыр қайласын алып, рельсті бақылап, кем-кетігін жөндеп келе жатқанына тура 35 жыл болған. Теміржолшы әйел нені армандайды? Сан бағытқа қатынаған әр пойызға қол бұлғап, ондағы жолаушыларға ақ жол тілеп жүретін Бүбісара Тұрдықұлова теміржол саласына тағдыр айдап келгенін […]