Сарыағаш ауданының еңбекқор шаруалары өнімдерді әртараптандыруды қолға алған. Негізінен көкөніс өсірумен айналысатын диқандар өнім саудалау кезінде туындайтын қиындықтарды ескере отырып, көкөністермен қатар жеміс-жидектерді де өсіріп жатыр. Бүгінгі таңда аудан шаруалары қыс мезгілінде құлпынай өсіріп, ерте пісетін жидекті саудалап, мол табыс табуды жоспарлауда. Айта кетсек, қазіргі таңда аудан аумағындағы 271 гектардан астам жерге құлпынай көшеті егілген. […]