Сарыағаш ауданының диқандары шығынға баттық дейді. Сырттан келген көкөністің бағасы арзан болғасын, базар сөрелерін өзге елдің өнімдері жаулап алған. Ал, көкөністерді өндіруге жұмсалған отынның шығыны жылыжай өнімдерінің бағасына әсер етуде. Салдарынан бәсекеге төтеп бере алмай жатқан шаруалар тонналаған қызанақтарын сата алмай отыр. Сарыағаш ауданындағы жылыжайлардың басым бөлігінде қияр мен қызанақ өсіріледі. Көкөністің бұл түрлерін өсіруге […]